Ырым туралы

Аллаһ Тағала былай деді:

مَعَهُ أَلا إِنَّمَا طَائِرُهُمْ عِنْدَ اللَّهِ وَلَكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لا يَعْلَمُونَ (١٣١)

«Ақиқатында, олардың сәтсіздіктері Аллаһ тарапынан. Бірақ олардың көбі білмейді» («әл-Әғраф» сүресі, 131-аят).

قَالُوا طَائِرُكُمْ مَعَكُمْ أَئِنْ ذُكِّرْتُمْ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ مُسْرِفُونَ (١٩)

«(Елшілер): "Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге (өз қылықтарыңнан). Берілген үгітті жаман ырым деп санайсыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер", - деді» («Я Син» сүресі, 19-аят).

Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Бұл тарау осы кітапта келтірілуінің себебі ырымға сену көпқұдайшылыққа жататындығында. Ырымға сену таухидтің толықтығына қарама-қайшы келеді. Әрі шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, оның қауіптілігін көрсету үшін және адамдарды оған түсіп қалудан сақтандыру үшін осы тарауды арнайы бөлек етіп белгіледі.

Ырым – бұл адамның (әлдебір нәрсені істеуден бас тартуға шынайы (негізді, объективтік) себеп болып табылмайтын) қандай да бір нәрсені көріп немесе естіп, соның негізінде істейін деп жатқан нәрсесін істемей қоюға себеп болған негізсіз сенім.

Бұл аяттарда Пәк және Қасиетті Аллаһ ырымды Исламға дейінгі надандық дәуірі мен көпқұдайшылдардың амалдарының бірі болып табылатынын айтты. Әрі Аллаһ Тағала оларды осы үшін сөкті және жек көрді.



Аяттардан алынатын пайдалар:

1. Аяттарда ырым Исламға дейінгі надандық дәуірінің және көпқұдайшылдардың амалдарына жататынына нұсқау бар.

2. Аяттарда Аллаһтың тағдырына иман келтіру бекітіледі.

3. Аяттарда адамның басына келетін сәтсіздіктер мен бақытсыздықтар оның күнәларының себебінен екеніне нұсқау бар.

4. Бірінші аятта надандықты айыптау келген, өйткені надандық адамның не нәрселер көпқұдашылық болып табылатынын және оған алып баратын жолдарды білмеуіне алып келеді. Ал мұның салдары оның міндетті түрде соған барып түсіп кетуіне жеткізеді.

5. Екінші аятта ықыласты насихатты қабылдау міндетті екеніне нұсқау бар, өйткені оны қабылдамау кәпірлердің сипаттарының бірі болып табылады.

6. Аяттарда елшілер алып келген нәрселерде оларға ілесетіндер үшін тек игілік пен жақсылықтар бар екеніне нұсқалады.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Індет өздігінше тарамайды, жаман ырымдар (ешбір нәрсеге) ықпал етпейді, жапалақтың жылауы – өтірік, сапар айының сәтсіз екені де – өтірік» (әл-Бухари, 5757, Муслим, 2220, 102). Муслимнің келтіретін нұсқасында келесідей қосымша бар: «...Жұлдыздар (әлдебір нәрсеге) әсер етпейді әрі жауыз рухтар да (тылсым күштер де еш нәрсеге) әсер ете алмайды» (Муслим 2220, 102).



Бұл хадисте ырымның негізсіз екене нұсқау бар, өйткені ол надандық дәуірінің наным-сенімі болып табылады.

Хадистен алынатын пайдалар:

1. Хадисте ырымға сенбеуге нұсқау бар.

2. Хадисте ауру-індеттер Пәк Аллаһ Тағаланың қалауымен емес, өздігінше жұғады деп сенетін надандық дәуіріндегі адамдардың наным-сенімдерінің негізсіз екеніне нұсқау бар.

3. Хадисте жапалақпен және сапар айымен байланысты жаман ырымдарға сенудің негізсіз екеніне нұсқау бар.

4. Хадисте жұлдыздар әлдебір нәрселерге ықпал етеді деген сенімнің негізсіз екеніне нұсқау бар.

5. Хадисте адамға зиян тигізе алатын әлдебір жауыз рухтар (тылсым күштер) бар екеніне сенетін надандық дәуірі адамдарының сенімдері негізсіз екеніне нұсқау бар.

6. Хадисте Аллаһ Тағалаға тәуекел етудің және оған пана тілеп сиынудың міндетті екеніне нұсқау бар.

7. Хадисте бірқұдайшылықтың іске асуының көріністерінің бірі ширкке алып баратын барлық жолдарды жабу екеніне нұсқау бар.

8. Хадисте адамдардың қара немесе қызыл сияқты белгілі бір өңдермен, немесе (13 сияқты) сандармен, немесе мүгедектер сияқты кейбір адамдармен, т.с.с. ырым-сенімдері негізсіз екеніне нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Әнастан, оған Аллаһ разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Індет өзінен-өзі тарамайды, жаман белгілер әлдебір нәрселерге ықпал етпейді, әрі маған жақсы белгі (нышан) ұнайды». Одан: «Ал жақсы белгі (нышан) не болып табылады?», - деп сұрағанда, ол: «Жақсы сөз», - деп жауап берді (әл-Бухари, 5756. Муслим, 2224).

Бұл хадисте жақсы нышан ырымға жатпайтынына нұсқау бар.

Хадистен алынатын пайдалар:

1. Хадисте игі нышан (жақсы белгі) тыйым салынған ырымға жатпайтынына нұсқау бар.

2. Хадисте игі нышанның (жақсы белгінің) түсіндірмесі келген.

3. Хадисте Аллаһ туралы жақсы ойлардың заңды екеніне және Ол туралы жаман ойлаудың тыйым салынғанына нұсқау бар.

Игі нышан (жақсы белгі) мен ырымның айырмашылығы:

1. Игі нышан (жақсы белгі) ол жақсылықта.

2. Игі нышан Аллаһ туралы жақсы ойда болуда, ал пендеге Аллаһ туралы жақсы ойда болу бұйырылған.

3. Ырым тек жамандыққа қатысты болады.

4. Ырым – бұл Аллаһ туралы жаман ойлау, ал пендеге Пәк әрі Қасиетті Аллаһ туралы жаман ойлауға тыйым салынған.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Абу Дауд, Аллаһ оны рахым етсін, сенімді иснадпен Уруа ибн Амирдің, оған Аллаһ разы болсын, былай деп баяндаған хадисін келтіреді:«(Бірде адамдар) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасында жаман ырымдар туралы әңгіме қозғағанда, ол былай деді:“Игі нышанның ең жақсысы – мұсылманды істерінен кері бұрмайтыны. Егер әлдебіреуің өзіне ұнамайтын қандай да бір нәрсені көрсе: «Уа, Аллаһ Сенен басқа ешкім жақсылық келтірмейді, әрі тек Сен ғана бүкіл жамандықты қайтарасың! Әрі Сенен басқа ешкімнен күш те, қуат та жоқ!» – деп айтсын” (Абу Дауд, 3719).

Уруа ибн Амир әл-Қурайши – Ибн Хиббан оны сенімді жеткізушілерден деп айтты.

Бұл хадисте ырымдардың негізсіз екеніне әрі олардан Аллаһқа жалбарыну арқылы қорғану керектігіне, сондай-ақ жақсы нышан ырымға жатпайтынына нұсқау бар.

Хадистен алынатын пайдалар:

1. Хадисте ырымның негізсіз екеніне нұсқау бар әрі одан Аллаһқа дұға етіп жалбарыну арқылы және Оны зікір ету арқылы қорғанудың түсіндірмесі келген.

2. Хадисте адамның жүрегіне қандай да бір ырым түсіп қалса, әрі егер ол одан Аллаһқа тәуекел ету арқылы қорғанса, ол оған зиян тигізе алмайтынына нұсқау бар.

3. Хадисте жақсы нышан ырымның бір түрі емес екеніне, әрі ол одан жақсырақ екеніне нұсқау бар.

4. Хадисте Аллаһқа тәуекел етудің міндеттілігіне әрі Аллаһтан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ екеніне дәлел бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Ибн Масғуд, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі хадисін баяндайтын: «Ырымдарға сену – ширк! Ырымдарға сену – ширк! Ырымдарға сену – ширк!» Содан соң ол: «Ал біздің әрбірімізде... Алайда егер Аллаһқа тәуекел етсең, Ол оны жойып жібереді», - деп қосты. Абу Дауд пен әт-Тирмизи жеткізген сенімді хадис. Соңғы сөздерді Ибн Масғуд айтқан (Абу Дауд 3910, әт-Тирмизи 1614).

Бұл хадисте ырым көпқұдайшылық болып табылатынына нұсқау бар.

Хадистен алынатын пайдалар:

1. Хадисте ырым көпқұдайшылық болып табылатынына нұсқау бар, өйткені ол арқылы жүрек Аллаһтан басқа нәрсемен байланады.

2. Хадисте кейбір мәселелерді адамдар жақсылап естерінде сақтаулары және жүректерінде бекітулері үшін, бірнеше рет қайталаудың заңды екеніне нұсқау бар.

3. Хадисте Аллаһ Оған ғана тәуекел ететін адамды ырымнан құтқаратынына, әрі ол жүрегінде осындай әлдебір нәрсені сезінгенде, Аллаһқа тәуекел етіп, бұған көңіл аудармайтын адамға зиян тигізе алмайтынына нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Ахмад, Аллаһ оны рахымына бөлесін, Ибн Амрдың, оған Аллаһ разы болсын, Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізген мына хадисін келтіреді: «Кім әлдебір істі жаман ырымның себебімен тастаса, сол көпқұдайшылыққа түсті». Адамдар: «Ал мұның өтемі қандай?», - деп сұрады. (Сонда) ол: «Сендер: "Я, Аллаһ! Сенің жақсылығыңнан басқа жақсылық жоқ, әрі Сенің жамандығыңнан басқа жамандық жоқ, және Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ", - деп айтуларың керек», - деп жауап берді(Ахмад 220/2).

Ол сондай-ақ әл-Фәдл ибн әл-Аббастан мына хадисті де келтіреді: «Ырым – сені әлбір іс-әрекетке итермелейтін немесе одан бет бұрғызатын нәрсе» (Ахмад 213/1).

Ибн Амр – бұл Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас, Аллаһ оларға разы болсын, Исламды алғаш қабылдаған сахабалардан, ол көптеген хадистер жеткізген.

Әл-Фәдл – бұл әл-Фәдл ибн Аббас, Абдуллаһ ибн Аббас ибн Абдул Мутталибтің ағасы, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесінің баласы (немере інісі).

Бұл хадистерде құрамында көпқұдайшылығы бар ырымның мән-мағынасының түсіндірмесі келген.

Осы хадистерден алынатын пайдалар:

1. Хадистерде ырым көпқұдайшылық болып табылатынына нұсқау бар.

2. Хадистерде құрамында көпқұдайшылығы бар ырымның мәні ол адамды осы ырымға сәйкес іс-әрекет жасауға итермелейтінінде екеніне нұсқау бар.

3. Хадистерде адам сол арқылы ырымнан қорғана алатын нақты белгіленген дұғаға және ол мұсылмандар үшін мағызды болып табылатынына нұсқау бар.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Жиырма тоғызыншы тарау:


8698084002406033.html
8698143050136327.html

8698084002406033.html
8698143050136327.html
    PR.RU™